Сайт создан на конструкторе asia.kz.   Создайте и Вы себе сайт бесплатно!

Контактная информация: Тел.: +7 (702) - 750 47 10    

 
 

Ботаника (А-Я)

27. 12. 2015

Ағаш діңіндегі тін қандай қызмет атқарады? Фотосинтез өнімдерін өткізеді.
Ағаш ксилемасының гистологиялық элементі? Сосудтар.
Ағаш сабағындағы сүректің қүрамына қандай арқаулық ұлпа кіреді? Сүрек талшықтары.
Ағаш флоэмасының гистологиялық элементі? Сүзгілі түтіктер серік клеткаларымен.
Ақуыздар, майлар мен көмірсуларды жинактап, қорға сақтайтын үлпа? Қор жинаушы паренхима.
Ақуыздың негізгі атқаратын қызметі? Құрылыс және ферменттік.
Аналық қандай бөліктерден тұрады: Ауыз, мойын, түйіннен.
Аналықтың тозаңды қабылдайтын жоғарғы бөлігін не деп атайды?  аналықтың ауызы
Ассимиляциялық крахмал қайда түзіледі? Хлоропластарда.
Ассимиляциялық паренхима қандай қызмет атқарады? Фотосинтез қызметін.
Астық тұкымдастарының жапырағы қандай бөліктерден тұрады? Жапырақ тақтасы. жапырақ қынабынан. кұлақшадан.
Аталықтың тозаңқабында не түзіледі? Спора.
АҮФ - тың синтезі қай органеллада өтеді? Митохондрияда.
Ашық өткізгіш шоқтарға қандай түзуші ұлпалар тән? Камбий.
Ашық сосуд - талшық шоқтары неден тұрады? Флоэмадан, камбийден және ксилемадан.
Бастапқы түзуші ұлпаны көрсетініз? Прокамбий, перицикл.
Батпақты өсімдіктердің мүшелерінде жақсы дамыған клеткааралық қуысы болатын ұлпа? Аэренхима.
Бидайдың гүл шоғыры? Күрделі масақ.
Биологиялық мембрананың құрылысы? Екі ақуызды, 1 липидті кабат.
Биосферадағы өсімдіктердің рөлі? Көмірқышқыл газын жойып және атомосфераны оттегімен қамтамасыз етеді.
Бөліп шығарушы жүйенің негізгі құрылымының бөлігі? Сыртқы және ішкі секреторлық кұрылымына.
Бөліп шығарушы ұлпанын қандай құрылымы латекстен тұрады: Сүт жолдары.
Бөліп шығарушы үлпалардың қайсысы сыртқы секреция ұлпасына жатады? Гидатодтар.
Бунақденелілер көмегімен болатын тозаңдануды белгілеңіз? Энтомофилді.
Бір ақуыздың синтезі жөніндегі хабарды ядроның қай бөлігі құрады? Ген.
Бір үйлі өсімдіктерге қандай өсімдіктерді  жатқызады? аталық және аналық гүлдері  бір өсімдікте болатын
Вакуоль кұрамындағы заттарды цитоплазмадан бөліп тұратын ішкі мембрана қалай аталады? Тонопласт.
Вегетативті мүшелердің дамуы қай кезеңде басталады? Органогенезде.
Вегетативтік жаңаруды қандай бүршіктер қамтамасыз етеді? Қосалқы.
Гүл қандай бөлігі арқылы сабаққа бекінеді? Гүл сағағы арқылы.
Гүл сағағынын жуандаған жері қалай аталады? Гүлтабаны.
Гүл тұғыры болмайтын және гүлдері негізгі өске орналасқан гүл шоғыры? Масақ.
Гүлдегі аталықтар жиынтығын көрсетіңіз? Андроцей.
Гүлдегі аталықтардың жиынтығы?  Андроцей.
Гүлді өсімдіктердің жыныссыз көбеюі немен аякталады? Микроспора түзумен.
Гүлдің генеративтік бөлігі? Аталық.
Гүлдің стерильді бөлігі? Күлте жапырақша
Гүлсерігі тостағаншадан түзілген өсімдікті көрсетініз? Қызылша.
Гүлшоғыры себетгүл болатын өсімдікті белгілеңіз? Күнбағыс.
Дара жарнақты өсімдіктер сабағында қандай өткізгіш шоқтар болады? Жабық коллатералді.
Екі буынның арасы? Буынаралық.
Екі мембраналы органелла? Пластидтер.
Жабық тұқымды өсімдіктерге ұрықтанудың қандай типі тән?  оогамия
Жазық цистернадан, түтікщелерден және көпіршіктерден түратын, клетка қабықшасын құруға қатысатын бір мембраналы органелла? Гольджи аппараты.
Жай жапырақтары бар өсімдікті атаңыз: Шие.
Жалаңаш түқымды өсімдіктердің ксилемасында болатын жалғыз өткізгіш элементі? Трахеидтер.
Жалған дихатомиялы бұтақтану қандай өсімдіктерде кездеседі? Сиреньде.
Жалғыз жеміс жапырақшасынан дамитын және екі жақтауымен ашылатын  құрғақ жеміс: бұршақ
Жапырак пішінінің қандай түрі фотосинтездің жоғары шегін қамтамасыз етеді? Жазық.
Жапыраққа жасыл түс беретін пигмент? Хлорофилл.
Жапырақтың негізгі орналасу түрлерін көрсетініз? Спиральды, шоқталып, қарама-қарсы.
Жасуша қабықшасының ағаштануына қандай зат әсep етеді? Лигнин.
Жасуша қабықшасының кұрамына қандай зат кіреді? Целлюлоза.
Жасуша қабықшасының тоздануына қандай зат әсер етеді  Суберин.
Жасуша шырыны қайда жиналады? Вакуольде.
Жасушаның қандай органоидты тұқым қуалаушылық белгілерді тасымалдайды? Ядро.
Жасушаның негізгі органоидтары қайда орналасқан? Мезоплазмада.
Жеміс қандай бөліктерден тұрады? Жемісқап және тұқымнан.
Жынысты көбеюге қабілетті бойы қысқарған, түрі өзгерген өркен? Гүл.
Интеркаллярлы меристема өсімдіктің қандай мүшелерінде орналасады? Жапырақ тақтасының негізінде.
Камбий қай ұлпаға жатады? Түзуші.
Камбий қызметінің нәтижесінде өсімдік мүшелері қандай бағытта өседі? Жуандап.
Камбийден түзілетін флоэма мен ксилема қалай аталады? Екінші.
Картоп дақылын немен көбейтеді? Түрі өзгерген өркендермен.
Клетка қабырғасы ағаштанған, өлі қүрамды бөлігі болатын су мен минералды түздардың ерітінділері жылжитын үлпа? Сосудтар.
Клетка қабырғасындағы полисахарид? Целлюлоза.
Клетка шырыны деп аталатын сүйықтықпен толы кеңістік? Вакуольмен.
Клеткадағы рибосоманың қызметі? Ақуызды синтездеу.
Клетканың қандай органелласы жарық микроскоптан көрінеді? Пластидтер.
Колленхиманың қандай негізгі түрлері болады? Тақталы және бұрышты.
Көрсетілген органоидтардың қайсысы бөліп шығару қызметін атқарады? Гольджи аппараты.
Күрделі жапырақтың бірнеше жапырақшалар орналасқан өсі қалай аталады? Рахис.
Күрделі жапырақтың жай жапырақтан айырмашылығы? Бірнеше сағақты жапырақ тақтасының болуы.
Күрделі масақ гулшоғыры қандай өсімдікте болады? Бидай.
Қайың діңін қандай ұлпа жауып жатады? Перидерма.
Қандай жабындық ұлпада транспирация және газ алмасу үрдістері лептесік арқылы жүреді Эпидермада.
Қандай меристеманың бөліну нәтижесінде өсімдік мүшелері үзынынан өседі? Апикальды.
Қандай органоидтарда қоректік заттардың энергиясы АТФ энергиясына айналады? Митохондрияда.
Қандай өсімдікте гипантий болады? Итмұрын.
Қандай өсімдіктердің алғашқы анатомиялық құрылыс өсу кезеңінде сақталады? Даражарнақтыларда
Қандай өсімдіктің жапырағы қалақ тәрізді? Емен.
Қандай өсімдіктің жапырағы үш кұлақ күрделі? Бедеде.
Қандай өсімдіктің жапырақтарының пішіні таспа? Қара бидай
Қандай пластидтің пигменттері болмайды? Лейкопластарда.
Қандай ұлпа тозды түзеді? Феллоген.
Қандай ұлпада транспирация және газ алмасу үдерістері жасымықша аркылы жүреді Тозда.
Қандай ұлпалардың жасуша қабықшасына суберин сіңіріледі: Феллема.
Қара өрік, шие жемістерінің сүйегінде болатын арқаулық үлпа? Склереидтер.
Қарағай өсімдігінің жапырақ тақтасының пішіні? Ине тәрізді.
Қарапайым ақуыз қандай заттардан тұрады? Амин қышқылдары.
Қор заттарының көбінесе энергияға бай және тиімді түрі? Май л ар.
Қос жарнакты өсімдіктерде сүрек (ксилема) пен тіннің (флоэма) арасында орналаскан түзуші үлпа? Камбий.
Қосарлана ұрықтану үдерісі қандай өсімдіктерге тән? Жабық тұқымдыларға.
Қосарланып ұрықтану төмендегі  бөлімдердің қайсысына тән: гүлді өсімдіктерге
Қосарынан ұрықтану нәтижесінде тұқым бүршіктен қалыптасқан өсімдіктің генеративтік мүшесі? Тұқым.
Қосжарнықты өсімдіктердің жапырақтары қандай ұлпаларға дифференцияланған? Бағаналы және борпылдақ.
Лизосома қандай қызмет атқарады? Эр түрлі заттарды ыдыратады.
Мегоспорафилл дегеніміз не? жеміс жапырақ
Мейозбен бөліну кандай клеткаларға тән? Жыныс.
Меристема қандай қызмет атқарады? Түпкілікті ұлпаларды түзу қызметін.
Метаморфозға ұшыраған өркендері су жинайтын өсімдіктер  қалай аталады? Суккулентер.
Микроағзаларды өсімдік-клеткасының қай заттары өлімге ұшыратады? Фитонцидтер.
Микроспорофилл дегеніміз не? аталық
Насекомдармен тозаңданатын өсімдіктердің тозаңы қандай болады? құрғақ
Нуклеин қышқылдары қандай органоидтарда кездеседі? Ядрода
Нуклеопротеидтер деген не? Ақуыздың ДНҚ- мен.
Орамжапырақтар тұқымдастарына тән жеміс түрі? Бұршаққын, бұршаққынша.
Органоидтардың қайсысы эндоплазмалық тордың мембранасына бекініп тұрады? Рибосома.
Өң клеткасының сыртқы қабырғасының түр өзгерісіне үшырауы? Кутиндену.
Өркеннің қайталанатын элементтері қалай аталады? Метамер.
Өсімдік клеткасына тән, қор заттары сақталатын, түссіз органелла? Лейкопластар.
Өсімдік клеткасындағы митохондрияның кызметі? Тыныс алу.
Өсімдік клеткасының негізгі қор заты? Крахмал.
Өсімдік клеткасының сырты немен қапталған? Целлюлозалы қабықпен.
Өсімдік мүшелерінің тоқтаусыз өсіп толысуына көмектесетін үлпа? Түзуші.
Өсімдік сабағынан жанама өсетін көбею мүше, ол газ алмасу,транспирация, фотосинтез қызметіне қабілетті? Жапырақ.
Өсімдіктер жасушасын зерттеу ботаниканың қандай бөліміне кіреді? Цитологияға.
Өсімдіктерде заттардың жоғары қарай жылжуын кандай үлпа атқарады? Трахейлер.
Өсімдіктерде заттардың төмен қарай жылжуын қандай ұлпа аткарады? Сүзгілі түтіктер серік клеткасымен.
Өсімдіктерді сынудан және жыртылудан сақтайтын қандай ұлпалар? Колленхима, склеренхима және склерендтер.
Өсімдіктердің ұлпаларын жіктеу қандай принциптерге негізделген Жасуша құрылымының ұқсастығына, атқаратын қызметі мен тегіне.
Өсімдікті жұқпалы жағдайдан қорғайтын клетка шырынындағы затты? Фитонцидтер.
Өсімдіктің жапырағындағы жүйеленудің атқаратын қызметі қандай? Транспорттық.
Өсімдіктің жапырақтары бір-біріне көлеңке түсірмей орналасу кұбылысы қалай аталады? Жапырақ мозаикасы.
Өсімдіктің жасын сүректің қандай элементтері көрсетеді? Жылдық сақина.
Өсімдіктің жасына қарай ағаш діңінде қандай өзгерістер болады? Сосудтар тиллмен бітеліп, танидтермен толып калады.
Өсімдіктің көп бөлігін қандай ұлпалар құрайды? Негізгі.
Паренхималык клеткалардың түтіктерді бітеп тастайтын өсінділері қалай аталады? Тиллалар.
Перидерманың қүрамына енетін екінші меристеманы атаңыздар? Феллоген.
Перисперм неден қалыптасады? Нуцеллусс қалдығынан.
Перисперм неден пайда болады: нуцеллустан
Плазмалық мембрана негізін қандай заттар кұрайды? Майлар және ақуыздар.
Рибосомалар қандай қызмет атқарады? Ақуыз синтездейді.
РНҚ-ның синтезделу орталығы? Ядрошық
Сабақтың қосымша шоқты қүрылысының түзілуі неге негізделген? Камбийдің әрекетіне.
Сабақтың орталық цилиндрінде қандай ұлпа кездеседі? Сосудтар.
Сабақтың орталық цилиндрінің негізін қандай құрылымдар түзеді? Флоэма және ксилема.
Сағақ осы қызметтердін қайсысын атқарады? Жапырақ тақтасынын бағытын реттейді.
Склеренхима қандай түрлерге бөлінеді? Тін және сүрек талшықтары.
Соматикалық клетканың негізгі бөліну жолын атаңыздар? Митоз.
Сосудты бітеп қалатын паренхималық клетканың өсіндісі? Тилл.
Су жинайтын паренхима қандай өсімдіктерде айқын байқалады? Шөлді.
Су мен минералды заттардың ерітіндісі қандай гистологиялық элементтер арқылы қозғалады? Трахеидтер мен сосудтар арқылы.
Сүзгілі түтік элементін көрсетіңіз? Серік клеткасы.
Сүрек пен тіннің жылдық сақинасы қандай ұлпадан түзіледі? Камбийден.
Сүректі өсімдіктердің ксилемасы қандай элементтерден тұрады? Түтіктерден. трахеидтерден.
Сіңіруші паренхима қандай ұлпаларға жатады? Негізгі ұлпаларға.
Тамырдың қосымша анатомиялық құрылысында қандай өткізгіш шоқтың типі кездеседі? Ашық коллатералді.
таныз? Глюкоза.
Тоз қабатында газ алмасу мен транспирация қызметін не атқарады? Жасымықша.
Тозаң түтігіндегі спермиялардың саны нешеу: 1
Тозаңның құрылымды элементін көрсетіңіз?   Генеративті клетка.
Төменде келтірілген  гүлдің  бөліктерінің  қайсысы қорғаныш қызметін атқарады? тостағанша
Тұкым неден дамиды? Тұқымбүршіктен.
Тұқым қауызы неден қалыптасады? Интегументтен.
Тұқым қуалаушылық хабарды тасушы және ата-анадан жас клеткаларга тасымалдаушы ДНҚ бөлігі? Ген.
Тұқым қуалаушылық хабарды тасымалдауды және сақтауды ядроның қай бөлігі қамтамасыз етеді? Хромосома.
Тұқымбүршігіндегі мегаспорангиге не сәйкес келеді: нуцеллус
Тұқымбүршік қандай бөліктерден түрады? Интегумент және нуцеллустан.
Тұқымды өсімдіктерде алғашкы жапырақ мүшелері қалай аталады? Тұқым жапырақ.
Тұқымды өсімдіктердін ұрығы неден тұрады? Ұрық сабақшасы, тамыршасы және бүршіктен.
Тұқымның қандай типі ерте пайда болған? эндоспермі бар
Тұқымы эндоспермнен тұратын өсімдікті көрсетіңіз? Бидай.
Түзуші үлпа клеткалары қандай жолмен бөлінеді? Митоз.
Түзуші үлпалар қалай аталады? Меристема.
Түйнек пен пиязшық өркеннің түр өзгерісі екендігін кандай белгі анықтайды? Бүршіктің және түрі өзгерген қабыршақты жапырақтардың болуы
Ұрық қалта қайда дамиды? Нуцеллуста.
Ұрыққалтанын жұмыртқа және антиподтарынын хромосома жиынтығы қанша? Гаплоидты.
Ұрықтың даму кезеңі қалай аталады? Эмбриогенез.
Үрмебұршақ өскінінің эпикотилі деген не? Алғашқы нағыз жапырақпен тұқымжарнақ арасындағы сабақтың бөлігі.
Ферменттің белсенді бөлігі болып табылатын төменгі молекулалы органикалық қосылыс? Дәрумендер.
Флоэманың қүрамына қандай арқаулық ұлпа кіреді? Тін талшықтар.
Флоэманың негізгі элементтерін көрсетініз? Сүзгілі түтіктер.
Фотосинтез қызметін атқаратын ұлпа? Хлоренхима.
Фотосинтез өсімдіктің қандай ұлпасында жүреді? Хлоренхима.
Фотосинтез өтетін органелла? Хлоропластар.
Фотосинтез үдерісі нәтижесінде бірінші түзілетін органикалық затты
Халықта сәбіз бен қызылша тамыржемістерінің, алманың «қабығы» деген не? Тоз.
Хлоренхима өсімдіктің қандай мүшелерінде орналасқан? Жапырақтарында.
Хлоропластарда қандай үдеріс жүреді? Фотосинтез.
Хлоропластың негізгі қызметі? Фотосинтез.
Хромосомада кандай үдеріс жүзеге асады? ДНҚ-ң синтезі.
Цитоплазманың негізгі қасиеттерін атаңыз? Қозғалу. жартылай өткізгіштік, тұтқырлық. коогуляция.
Шалғындық шырмауықтың жапырақ тақтасының пішіні? Жүрек тәрізді.
Шиенің, шабдалының жемісі? Сүйекті жеміс.
Шығу тегі бір, кұрылысы әртүрлі өсімдік мүшелері қалай аталады? Гомологиялы.
Эпидерманың қорғаныш қызметін қандай түзілістер күшейте түседі? Түктер.
Ядроның қандай қүрылымы ДНҚ молекуласын құрады? Хромосома.
Ядроның негізгі қызметі? Тұқым қуалаушылық хабарды тасымалдау және сақтау.
Ядроның структуралық элементтерін көрсетініз? Хромосомалар, нуклеоплазмалар.
Ялроның құрылысын зерттейтін ғылым? Кариология.

 

Реклама:

Конструктор сайтов Asia.kz
Конструктор сайтов Asia.kz
 
Пожаловаться на сайт